Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Еліміздің барлық өңірінде «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы жалғасуда.
Ол жаңа экологиялық сана қалыптастырып, азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруды көздейді. Акция Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында өтуде.
Бүгін «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының ұйымдастыруымен Арал қаласында орналасқан саябаққа көркейту көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, тал егу акциясы ұйымдастырылды.
Саябақ аумағы қоқыстар мен арамшөптен тазартылды.
Игі іске аудандық мәслихат депутаттары және партия мүшелері, қоғам белсенділері мен жастар үлес қосты.
#AMANAT
10 сәуір 2025 ж. 59 0