Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Таза бейсенбі" экологиялық акциясы жалғасуда

"Таза бейсенбі" экологиялық акциясы жалғасуда

Еліміздің барлық өңірінде «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы жалғасуда.
Ол жаңа экологиялық сана қалыптастырып, азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруды көздейді. Акция Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында өтуде.
Бүгін «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының ұйымдастыруымен Арал қаласындағы «Айдарбек баба» ескерткіші және «Ермек» қорымы аумағы қоқыс пен арамшөптен тазартылды. Игі іске аудандық мәслихат депутаттары және партия мүшелері, қоғам белсенділері мен жастар жалпы 60 - ға жуық азамат үлес қосты.
#AMANAT
29 тамыз 2024 ж. 106 0