Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Партия филиалында конференция өткізілді

Партия филиалында конференция өткізілді

Бүгін «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының кезектен тыс XLIV (44-ші) конференциясы өтті.
Конференция жұмысына «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, бастауыш партия ұйымының жетекшілері, партия белсенділері, партия ардагерлері, мен «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдерінен 50 делегат қатысты.
Аталған жиынның күн тәртібінде «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс XXXIІІ конференциясына делегаттарды сайлау және партия филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Конференция жұмысын партияның аудандық филиалының төрағасы Төрахметов Базарбай Шөменұлы жүргізіп отырды.
Конференция делегаттары бірауыздан күн тәртібіндегі мәселелерді қолдады.
Жалпы конференцияның күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толық қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.
#AMANAT
16 ақпан 2024 ж. 299 0