Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда алдағы күндері үсік күтіледі

Қазақстанда алдағы күндері үсік күтіледі

Синоптиктер 24, 25 және 26 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Республиканың басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады, бұл өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Алайда түнгі уақытта солтүстік және шығыс аймақтарда 1-3 градусқа дейін үсік жүреді деп болжануда.

"Тек еліміздің батысы мен солтүстік-батысында циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады – жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанып отыр, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыста – шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында – тұман болуы мүмкін", – делінген хабарламада.

Температура жайлы

24 сәуірге қараған түні Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендеп, үсік күтіледі;
24–25 сәуір аралығында Павлодар облысында салқындау болады;
25 сәуірде Қарағанды облысында да күн суытады;
25–26 сәуірге қараған түнде Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында 1-6 градусқа дейін үсік болады деп болжануда.
Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет сәуір айына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялаған болатын. Сәуір айында Қазақстанда күн жылынса да, жауын-шашын мен температура ауытқулары күтіледі. Айдың алғашқы онкүндігінде жаңбыр, солтүстікте – қар, көктайғақ және секундына 20 метрге дейін жететін жел соғуы мүмкін. Ай ортасында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады, ал ай соңында – жаңбыр жауады. Температура түнде -5 градустан күндіз +32 градусқа дейін құбылады.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
23 сәуір 2025 ж. 63 0