Ел бірлігі – достықтың бастауы

Қазақстанда тұратын 140-тан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің бір шаңырақ астында бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқандығын атап өтеді.
«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген атам қазақтың даналығынан туындайтын бұл мереке еліміздің әрбір азаматына өзара түсіністік пен татулықтың маңыздылығын еске салады. Қазақстанда тұратын әрбір этнос өзінің мәдениеті мен дәстүрін сақтай отырып, қазақ халқының қонақжайлығы мен кеңпейілдігі арқасында бір-бірімен тату-тәтті өмір сүріп келеді.
Қазақстан халқының бірлігі күні тек мереке ғана емес, еліміздегі әрбір азаматтың өзара түсіністік пен құрметке негізделген өмір сүру салтын ұстануына шақыратын күн. Бұл күн бізге бірліктің, ынтымақтастықтың және бейбітшіліктің қаншалықты маңызды екенін еске салады. Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстан халқының бірлігі мәңгі болсын!
Нұргүл ТЕКЕБАЕВА,
қалалық №4 кітапхананың кітапханашысы
Фото: Нұрболат Нұржаубай