Вакцина: маман бірқатар кеңес берді

Вакцина деген не?
Вакцина - баланың ағзасын қауіпті жұқпалы аурулардан қорғайтын арнайы екпе. Ол ағзаға әлсіз немесе өлтірілген вирус енгізу арқылы иммунитетті "үйретеді". Мамандардың сөзінше, нәтижесінде бала ауырмайды немесе ауру жеңіл түрде өтеді.
Неліктен вакцина маңызды?
Маман неліктен вакцина маңызды екенін айтты:
Вакцина баланы туберкулез, көкжөтел, қызылша, сіреспе, полиомиелит сияқты ауыр дерттерден қорғайды.
Егер көп бала вакцина алса, қауіпті аурулар айналамызда тарамайды.
Кейбір аурулар өмір бойы асқынуы мүмкін. Мысалы полиомиелиттен сал болып қалу қаупі бар.
Қалай дайындалу керек?
Балаңызды екпеге апармас бұрын денсаулығын тексертіңіз. Дене қызуы, жөтел болса, уақытша кейінге қалдырылады.
Вакцина салынатын күні бала аш болмауы керек.
Екпеден кейін 2-3 күн балада әлсіздік болуы, дене қызуы көтерілуі мүмкін, бұл - қалыпты жағдай.
Маманнан ата-аналарға кеңес:
Баланың екпе күнтізбесін бақылап отырыңыз.
Дәрігерге қорықпай сұрақ қойыңыз, сіздің уайымыңыз орынды.
Халық арасында айтылатын "вакцина зиян" деген сөздерге сене бермеңіз. Ғылыми дәлелденген ақпаратқа ғана сүйеніңіз.
Егер балаңызда аллергия немесе созылмалы ауру болса, бұл жайлы міндетті түрде дәрігерге айтыңыз.
Фото: Нұрболат Нұржаубай