Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың жоғары тиімді әдісі

Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың жоғары тиімді әдісі

Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың жоғары тиімді әдісі. Аурулар сияқты, вакциналар иммундық жүйені арнайы антиденелер шығаруға үйретеді. Дегенмен, вакциналарда ауруға әкелмейтін және онымен байланысты асқынулардың қаупін тудырмайтын белгілі бір аурудың қоздырғыштарының – вирустардың немесе бактериялардың өлтірілген немесе әлсіреген түрлері ғана болады. Вакцинаның бір немесе бірнеше дозасын алғаннан кейін, біз көптеген жылдар, ондаған жылдар немесе тіпті өмір бойы белгілі бір аурудан кез–келген жаста-туылғаннан кейін, балалық шақта, жасөспірімдік кезінде және қартайғанға дейін қорғайды. Барлық көрсетілген вакцинациялар уақтылы жасалуы маңызды.
Вакцинацияны кейінге қалдыру арқылы біз ауыр ауруға шалдығу қаупіне ұшыраймыз. Егер біз вакцинация шұғыл түрде қажет болатын сәтті күтетін болсақ, мысалы, егер аурудың өршуі басталса, онда вакцинацияның қажетті әсерін немесе вакцинаның барлық қажетті дозаларын алу үшін кеш болуы мүмкін.
Вакцинациясыз біз қызылша, менингит, пневмония, сіреспе және полиомиелит сияқты ауыр ауруларға шалдығу қаупіне ұшыраймыз. Кейбір аурулар сирек кездесетініне қарамастан, олардың қоздырғыштары әлемнің кейбір аймақтарында немесе барлық өңірлерінде таралуын жалғастыруда. Қазіргі әлемде жұқпалы аурулар шекарадан оңай өтіп, оларға иммунитеті жоқ кез келген адамға жұқтыруы мүмкін. Вакцинация- ол өзін қорғауға және айналасындағыларды қорғауға мүмкіндік береді. Біліңіз! Өзіңізді және балаңызды вакцинациялау арқылы сіз жұқпалы аурулардан қорғайсыз. Вакцинациядан бас тарту арқылы сіз өзіңіздің және балаңыздың денсаулығына қауіп төндіресіз!
Соңғы жылдары балаларда кесдесетін түрлі жұқпалардың алдын алу үшін егілетін вакциналарға ата-аналар қарсылығы бой көрсеткенінен хабардармыз. Сондықтан, жұқпалы ауруларға қарсы күрестегі бірден-бір құрал, халықты егумен толық қамту екенін жұртшылықтың жаппай түсінуі маңызды. Дәрігерлердің айтуынша, вакцина биопрепарат болған соң, егуден кейінгі асқыну /баланың дене қызуының жоғарлауы, жергілікті ісінулер, аллергиялық реакциялар/ болуы мүмкін. Бірқатар ата-аналар осы аталған асқынуларды желеу қылып, екпеден бас тартуда. Ұрпағымыздың дені сау болып, ұзақ өмір сүруі үшін мемлекет тегін ұсынып отырған екпелерден неге бас тартамыз. Жұқпаға қарсы егілмеген бала сол жұқпалардың қайнар көзі болып саналады, яғни, инфекцияны таратушы. Ал егілген бала, тіпті ауырып қалған жағдайда да ауру өте жеңіл түрде өтеді.
Балалар – елдің болашағы. Олар – біздің ұлы байлығымыз. Сол үшін де балаларға келешекке жетелейтін тура жол көрсетіп, дені сау ұрпақ өрбіту қажет. Бұл жерде ата-ананың да рөлі зор. Егер ата-ана да денсаулығына мән беріп, салауатты өмір салтын ұстанса, сөз жоқ, ондай ата-анадан дені сау бала өмірге келеді. Ал, дені сау бала- жарқын болашақты қалыптастырып, еліміздің гүлденуіне септігін тигізері анық!
Сондықтан, екпеден бас тартпай балаларымызға екпе салдыртуға асығайық!

А.САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық Сэбб басшысы 
Фото: sn.kz
02 сәуір 2024 ж. 195 0