Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтірді

Сот мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтірді

Арал аудандық сотында азамат Е-ның мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімді қалпына келтіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.
Талап қоюда келтірілген уәждерге қарағанда, талап қоюшының 2023 жылы қайтыс болған анасынан тұрғын үй мен жер телімі қалған. Мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алуы себепті, оған нотариустың қаулысымен нотариалдық іс-әрекеттер жүргізуден бас тартылған. Мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алу себебіне дәлелді уәждерін келтіріп, оны қалпына келтіруді сұраған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1072-3 бабына сәйкес, егер мұрагер мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiмдi дәлелдi себептер бойынша өткiзiп алған болса және мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiмдi өткiзiп алған мұрагер бұл мерзiмдi өткiзу себептерi жойылғаннан кейiн алты айдың iшiнде сотқа жүгiнген жағдайда осы мерзiмдi өткiзiп алған мұрагердiң өтiнiшi бойынша сот бұл мерзiмдi қалпына келтiре алады және мұрагер мұраны қабылдады деп тани алады делінген.
Осыған орай, сот шешімімен Е-ның талап қоюы қанағаттандырылып, өткізіп алған мұраны қабылдау мерзімі қалпына келтірілді.

Арал аудандық соты
29 сәуір 2025 ж. 69 0