Мұраны қабылдау мерзімі қалпына келтірілді
Арал аудандық сотында азаматша М-ның мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімді қалпына келтіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Арызында келтірілген уәждерге қарағанда, арызданушының 2019 жылы қайтыс болған күйеуінен жер телімі мен түрғын үй қалған. Мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алуы себепті, оған нотариустың қаулысымен нотариалдық іс-әрекеттер жүргізуден бас тартылған. Мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алу себебіне, арызданушы өзінің заң талаптарын білмегенін келтіріп, оны қалпына келтіруді сұраған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 1072-3 бабына сәйкес, егер мұрагер мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiмдi дәлелдi себептер бойынша өткiзiп алған болса және мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiмдi өткiзiп алған мұрагер бұл мерзiмдi өткiзу себептерi жойылғаннан кейiн алты айдың iшiнде сотқа жүгiнген жағдайда осы мерзiмдi өткiзiп алған мұрагердiң өтiнiшi бойынша сот бұл мерзiмдi қалпына келтiре алады және мұрагер мұраны қабылдады деп тани алады делінген.
Осыған орай, сот шешімімен арызданушының арызы қанағаттандырылып, өткізіп алған мұраны қабылдау мерзімі қалпына келтірілді.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі