Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот еңбек өтілі фактісін анықтады

Сот еңбек өтілі фактісін анықтады

Арал аудандық сотында азамат С-ның заңдық маңызы бар еңбек өтілі фактісін анықтау жөніндегі арызы бойынша азаматтық іс қаралды.Іс құжаттарына сәйкес, арызданушы А. сотқа берген арызында, өзінің 1974-1976 жылдары аралығында «№3 Арал аудандық автотранспорт бірлестігі» мекемесінде жүргізуші болып жұмыс жасаған. Алайда, қазіргі таңда мекеменің болмауы себепті, еңбек өтілі есептелмей отырғанын, еңбек өтілін растайтын құжаттарды алуға мүмкіншілігі болмай тұрғанын айтып, еңбек өтілі фактісін анықтау туралы талабымен сотқа жүгінген.
Қазақстан Республикасының АпК-нің 306 бабының талабына сәйкес, сот арыз берушінің заңдық маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған кезде не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін болмаған кезде ғана осы фактілерді анықтайды.
Сот, ұсынылған дәлелдемелерді, куәлардың түсініктерін негізге алып, арызды қанағаттандыру жөнінде шешім қабылдады.

Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
30 мамыр 2018 ж. 1 089 0