Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арызданушы сотқа жүгіну арқылы еңбек өтілі фактісін анықтады

Арызданушы сотқа жүгіну арқылы еңбек өтілі фактісін анықтады

Арал аудандық сотында азамат К-ның заңдық маңызы бар еңбек өтілі фактісін анықтау жөніндегі арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Арызында келтірілген уәждерге қарағанда, арызданушы 1983 – 1985 жылдары аралығында «ПМК-13 Казглавводстрой» мекемесінде шебер болып жұмыс жасаған. Алайда, еңбек кітапшасын  жоғалтып алып, қазіргі уақытта аталған ұйымның болмауы себепті, көрсетілген жылдардағы еңбек өтілі зейнетақысын есептеуде есепке алынбаған. Сондықтан оны анықтаудың өзгедей жолы болмағандықтан, аталған жылдардағы еңбек өтілі фактісін сотта қарау тәртібімен анықтап беруді сұраған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 306-бабының талабына сәйкес, сот арыз берушінің заңдық маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған кезде не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін болмаған кезде ғана осы фактілерді анықтайды.
Осыған орай, ұсынылған дәлелдемелерді, куәлардың түсініктерін негізге алып, сот арызды қанағаттандыру жөнінде шешім қабылдады.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
25 қараша 2021 ж. 354 0