Аяз, үсік: бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Синоптиктердің болжамынша, 3 мамырда Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Шығыс, оңтүстік және орталық өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз өтеді.
Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауылдар соғады. Түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түсуі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан, Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының кей бөліктерінде 2-3 градус аяз болады деп болжануда. Қостанай, Қарағанды және Ақмола облыстарының жекелеген аудандарында топырақ бетінде 1-2 градус үсік жүруі мүмкін.
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе, Ұлытау, Маңғыстау, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарының бірқатар өңірлерінде жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан облысының шөлді аймақтарында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Фото: Нұрболат Нұржаубай