Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 16 өңірде дабылды ескерту жарияланды – Қазгидромет

16 өңірде дабылды ескерту жарияланды – Қазгидромет

Синоптиктер бүгін, 6 мамырда елорда мен 16 өңірде дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.
Астанада өрт қаупі жоғары болады деп болжанып отыр.

Күндіз Ақмола облысының батысында және солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Батыста және оңтүстікте өрт қаупі жоғары болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстікте, күндіз батыс пен оңтүстікте найзағай ойнайды. Күндіз батыста, солтүстікте, оңтүстікте оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Петропавлда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Қостанай облысының батысында және солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстікте өрт қаупі жоғары.

Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында және Павлодар қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз оңтүстікте екпіні 15 м/с. Батыста, оңтүстікте және шығыста өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады; облыстың солтүстігінде және Қарағандыда өрт қаупі жоғары болады.

Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында және Жезқазған қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында түнде қатты жаңбыр жауады. Батыста, оңтүстікте және шығыста найзағай ойнап, бұршақ жауады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Орталықта өрт қаупі жоғары.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауады, түнде найзағай ойнайды, күндіз оңтүстікте, солтүстікте, шығыста найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-20 м/с. Оңтүстікте өрт қаупі жоғары болады. Атырауда найзағай ойнайды. Жел күші 15-20 м/с. Өрт қаупі әлі де жоғары болады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында найзағай ойнайды. Батыста тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20 м/с. Солтүстікте, оңтүстікте, шығыста және орталықта өрт қаупі жоғары болады. Ақтауда таңертең және күндіз найзағай ойнап, тұман түседі.

Ақтөбе облысының батысында күндіз найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-20 м/с. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста өрт қаупі жоғары болады. Ақтөбеде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-18 м/с жел соғады.

Солтүстікте, Алматы облысының орталығында және Қонаев қаласында өрт қаупі жоғары болады.

Жетісу облысында жел соғады, орталықта, таулы аймақтарда 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыста өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Талдықорғанда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Өрт қаупі әлі де жоғары болады.

Қызылорда облысындаорталықта, шығыста күндіз шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыс аумағында жоғары өрт қаупі сақталады, орталықта және шығыста өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл тұрады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Өрт қаупі өте жоғары болады.

Абай облысында күндіз жел соғады, орталықта екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстік-батыста, оңтүстікте және орталықта өрт қаупі жоғары болады. Семейде өрт қаупі жоғары болады.

Шығыс Қазақстан облысында жел соғады, орталықта екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстік-батыста, оңтүстікте және Өскеменде өрт қаупі жоғары болады.


Фото: Н. Нұржаубай
06 мамыр 2025 ж. 50 0