Ауа райы: Найзағай ойнап, бұршақ пен жаңбыр жауады

Синоптиктер болжағандай, еліміздің тек шығысында ғана жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Ал оңтүстік циклонның әсерінен қалған өңірлерде күн құбылмалы болмақ. Республика бойынша екпінді жел соғып, оңтүстікте шаңды дауыл және қатты жел болуы ықтимал. Түнде және таңертең солтүстік пен солтүстік-батыста тұман түседі.
Ерекше ескерту: Алматы және Жамбыл облыстарының оңтүстік-батысында күндіз қатты ыстық болады.
Өрт қаупі жоғары болатын өңірлер:
• Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Абай облыстары;
• Алматы облысының солтүстігі мен орталығы;
• Атырау облысының оңтүстік-батысы;
• Батыс Қазақстан облысының батысы;
• Қарағанды, Ұлытау, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Жетісу облыстарының түрлі аумақтары.
Төтенше өрт қаупі:
• Түркістан облысының батысы мен шөлді өңірлері;
• Қызылорда облысының шығысы мен орталығы;
• Жамбыл облысының батысында сақталады.
Синоптиктер тұрғындарды ауа райы өзгерістеріне мұқият болып, сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Фото: Н. Нұржаубай