Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кеш ұйықтаудың қандай зияны бар?

Кеш ұйықтаудың қандай зияны бар?

Түн ортасынан кейін ұйықтау гормондарға, көңіл күйге және ішектің жұмысына теріс әсер етеді. Бұл туралы гастроэнтеролог Саурабх Сетхи айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Дәрігердің пікірінше, ұйқы қанбаса адам бірінші кезекте салмақ қосады, кейін апатия және созылмалы жағымсыз көңіл күй пайда болады. Сонымен қатар, ойлау қабілетіне байланысты мәселелер туындайды.

Маман ұйқы қанбауы бірте-бірте барлық жүйеге әсер ететінін жеткізді.

"Көбіне бұл процесс гормондарға, ішектің, бауырдың жұмысына әсер етеді. Сондай-ақ, психикалық жай-күйді нашарлатуы мүмкін", - деді ол.

Саурабх Сетхи күн сайын бір уақытта, оған қоса түн ортасына дейін ұйықтаған жөн екенін айтты. Оның сөзінше, уақыт өте маңызды, өйткені адам әр түні жеті-тоғыз сағат ұйықтауы керек.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
12 мамыр 2025 ж. 69 0