Балаларды сауықтыру ұйымдарының 2025 жылғы жазғы маусымға дайындығы туралы

«Қамбаш» олимпиадалық және қосымша білім беру орталығы» жұмысын биылғы жылдың 1 маусымынан бастау жоспарлануда. Аталған жазғы демалыс орнының жұмысы оқушылардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы ұйымдастыруға және денсаулықтарын нығайтуға бағытталған. Арал ауданында қала сыртындағы балаларды сауықтыру орны, Қызылорда облысының білім басқармасының «Қамбаш олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы» (бұдан әрі -орталық) Қамыстыбас стансасы, Тасарық Қоныс көшесі №5 мекен-жайында орналасқан .
Орталық 2025 жылғы 01-ші маусымда сауықтыру маусымын ашып, 7 ауысымға 910 бала қабылдауды жоспарлауда. Орталық ғимаратының қызметіне басқарма тарапынан 6 маусымда 2024 жылы №KZ13VBS00174718 санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алған. Орталық жыл бойына жұмыс істейді.
Орталық 130 балаға есептелінген, 6 блоктан тұрады. Жатын орны, асхана, әдістемелік сауықтыру-шынықтыру орталығы, бассейн, медициналық пункт, стоматологиялық кабинет, мәжіліс залы, интернет залы, тренажер залы, фитнес залы, жаттықтырушы бөлмесі, құрғақ бу камерасы, бильярд бөлмесі, кір жуу орындары , асхана қаралған. Жатын орындары ағаш керуеттерімен, төсектік әбзелдермен, еден төсеніштері, киім шкафтарымен, тумбочкалармен , желдету қондырғыларымен толық жабдықталған. Асханада желдету жүйесімен және қажетті технологиялық құрал-жабдықтармен, тез бұзылатын азық-түліктер сақтайтын тоңазытқыштармен, ыдыстар жуатын бөлмеде 3 ұяшықты ванналар салқын, ыстық сумен қамтамасыз етілген.
Орталыққа келген оқушылардың денсаулығын орталық дәрігерлері күнделікті тексеріп, олармен сауықтыру іс-шараларын жүргізеді. Балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмай, тағам мәзірі түрлендірілген, витаминделген, минералды кешенмен байытылған тағамдармен қамтылған. Тағам қауіпсіздігі әр ауысым сайын ҚРДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімшесінің зертханасымен тексеріліп тұрады. Дезинфекция, дезинсекция және дератизациялық іс-шаралары әр ауысым сайын «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облыстық филиалының Арал аудандық бөлімшесімен жүргізіледі. Маусым басталар алдында Қырым-Конго геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында орталықты кенелерге қарсы 300 метр радиуста дезинсекция жұмыстары жүргізіледі. Биылғы жылы орталыққа 100 дана балалардың жатын керуеті,100 дана керует жанына тумбасы,100 дана керует матрацы, 100 жатын керует төсек жабдығы, (жастықтар, төсек әбзелдері, покрывалдар) жаңартылған. Жатын бөлмедегі 40 дана балалардың киім шкафы және асханаға 40 дана орындықтары және жатын бөлмедегі 57 дана душ кабинасы ауыстырылған. Асханаға балалардың қолданатын ыдыстары (200 дана тарелкалары, 200 дана кружкалары,) т.б жаңартылды. 2024 жылдың аяғында ғимараттың сыртқы қабырғалары түгелдей темір сайдингпен жаңартылып, жәй жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2025 жылы ғимарат алдындағы және қапталындағы балалар жүретін еден кафелдері түгелдей алынып тастап, жаңартылып, жатын бөлмелер эмульсиямен сырланған.
Сонымен қатар аудан көлеміндегі 47 мектептің жанындағы күндізгі тынығу лагерлерлерінде 2620 бала демалдыру жоспарланған. Ыстық тамақпен жыл бойы ыстық тамақпен қамтамасыз ететін 11 жеке кәсіпкер жұмыс жасайды. Қазіргі таңда 47 мектептің 31 мектебінде балалар жатын керуеттері жаңаланған, 16 мектептің жатын керуеттерін жаңалауға тапсырыстар берілген. Барлық мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлерінде төсек әбзелдері жеткілікті.
Балалардың жақсы көңіл-күймен, зор қызығушылықпен, ұйымдасқан түрде жазғы сауықтыру мауысымдарын жақсы аяқтауына тілектеспіз.
А. САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық СЭБ басшысы