22 мамырға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, циклон ықпалында болатын Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, жел соғады деп күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады.
Маңғыстау облысының батысында, Ақтөбе өңірінің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Павлодар облыстарының шығысында, Қостанай өңірінің орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, Алматы облысының орталығында, батысында, Абай облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, шығысында, Жетісу облысының орталығында өрт қаупі жоғары болады, – деп ескертеді метеорологтар.
Сонымен қатар, Қызылорда облысының, Түркістан облысының солтүстігі, шөлейтті және тау бөктерлі аудандарында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Қостанай өңірінде, Алматы облысының солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, солтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, солтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Фото: Нұрболат Нұржаубай