Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » “Төмен пайызбен зейнетақы жинағын алып береміз” – БЖЗҚ ескерту жасады

“Төмен пайызбен зейнетақы жинағын алып береміз” – БЖЗҚ ескерту жасады

Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен хабарландыру сайттарында зейнетақы жинағын шығарып беруге уәде ететін делдалдар көбейген. БЖЗҚ олардың әрекетіне қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабаралайды BAQ.KZ тілшісі.

Делдалдар азаматтардың жеткіліктілік шегінен асқан зейнетақы жинағын төмен пайызбен шығарып береміз деп жарнама таратып жүр. Олар бұл қызметті кез келген санаттағы азаматқа ұсынамыз деп сендіреді.

Бұған қоса, олар "жақын арада зейнетақы алу ережелері өзгереді" деген сылтаумен жалған ақпарат таратып, өздерін сенімді көрсету үшін БЖЗҚ мен уәкілетті операторлардың логотиптерін пайдаланады.

БЖЗҚ ресми түрде былай деп мәлімдеді:

Құрметті салымшылар! "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Сізді қырағы болуға шақырып, дербес деректеріңізді қорғау қажеттігін ескертеді. Соңғы уақытта интернет-алаяқтық жиілеп кетті. Олар өзін мемлекеттік орган немесе қаржы ұйымы қызметкері ретінде таныстырып, сіздің жеке мәліметтеріңізді алуға тырысады, – делінген қордың 21 мамырдағы хабарламасында.

БЖЗҚ мынаны ескертеді:

• Қор қызметкерлері ешқашан телефонмен қоңырау шалмайды;

• ЖСН, жеке куәлік, банк картасы, SMS код немесе құпиясөз сұрамайды;

• Қаражат бұғатталды деген сияқты мазмұндағы қоңырау шалмайды;

• Барлық ресми ақпарат тек Қордың сайтында немесе жеке кабинетте ғана беріледі.

Өзіңізді қорғаудың жолдары:

• Өздерін БЖЗҚ немесе басқа мемлекеттік мекеме қызметкері ретінде таныстырғандарға құпия деректеріңізді бермеңіз;

• Ақпараттың рас-өтірігін www.enpf.kz сайты мен 1418 байланыс орталығы арқылы тексеріңіз;

• Күмән тудырған жағдайда дереу тоқтатып, құқық қорғау органдарына жүгініңіз.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
22 мамыр 2025 ж. 30 0