Таңғы ас ішкенде нені ескеру керек?

Марселла Гарсес таңғы асқа құймақ, кекс, жарма және круассан жемеуге кеңес берді, өйткені олар қандағы қант деңгейі күрт көтерілуіне әкеп соғады. Ал мұның кесірінен адам күні бойы шаршаңқы боп жүреді және бұл адамның тәттіге деген құштарлығын арттыруы мүмкін.
Дәрігер денсаулық нашарлауына әкеп соғатын тағы бір қате ретінде таңғы асқа тек бір кесе кофе ішуді атады. Бұл сусын асқазанның шырышты қабығын тітіркендіреді, әсіресе, ас қорыту жүйесінде мәселе бар адамдарға қауіпті. Сондай-ақ, таңғы асты міндетті түрде қалдырмай ішкен жөн, өйткені аштық - ағза үшін күйзеліспен тең.
Сөз аяғында дәрігер таңғы асты тек үйде ішуді, дәмханаға немесе наубайханаға бармауды ұсынды, өйткені мұндай жерлерде адам түрлі тәттіні көріп, өзіне көп нәрсеге рұқсат беріп қоюы мүмкін.
Фото: Нұрболат Нұржаубай