Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресми құжаттар апостиль қойылып заңдастырылады

Ресми құжаттар апостиль қойылып заңдастырылады

Халықаралық қарым-қатынастардың дамуына байланысты, бір мемлекеттің сот органдарынан шыққан құжатты екінші мемлекеттің аумағында ұсыну қажеттілігі туындап жатады. Осындай кездері, құжатқа апостиль деп аталатын арнайы мөртаңба қойылуы тиіс.
Апостиль қою рәсімі бұл - Гаага Конвенциясына қатысушы елдердің аумағында қолданылатын құжаттардың тұпнұсқалығына және тиісінше рәсімделуіне кепілдікті қамтамасыз ету. Конвенцияға сәйкес апостиль қойылатын, сот органдарынан шығатын құжаттар шет елдерге жіберілуге жатады және мемлекет имиджінің өзіндік көрінісі болып табылады.
"Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" жөніндегі мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі және оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалаларда және астананың аумақтық бөлімшелері көрсетеді.
Қызмет көрсету тәртібі, оның ішінде мерзімдері, нысандары мен нәтижелері, қызмет көрсетушінің жұмыс кестесі, сондай-ақ қажетті құжаттар тізімі Стандартта регламенттелген.
Азаматтар үшін әкімшілік кедергілерді жеңілдету мақсатында сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары оңтайландырылған. Оңтайландыру процесі көрсетілетін қызметті алушылардың мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған және апостиль қойылған құжаттарды барынша қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді.
Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қызмет көрсету мерзімдері:
портал арқылы жүгіну жағдайында
-1 жұмыс күнін; облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне - 1 жұмыс күнін; Мемлекеттік корпорация филиалдарының басқа бөлімдеріне - 5 жұмыс күнін құрайды. Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Әрбір апостиль қойылатын құжат үшін айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен, сондай-ақ апостиль қою үшін мемлекеттік бажды төлеу реквизиттерімен Қызылорда облыстық сотының интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде танысуға болады.

Арал аудандық сотының жетекші маманы,
М.Жиенбаев

Фото: Нұрболат Нұржаубай
26 мамыр 2025 ж. 51 0