Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде бұршақ жауып, дауыл соғады. Батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Желдің күшеюі республиканың көптеген бөлігінде байқалады. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде шаңды дауыл мен тұман күтіледі.
Сонымен қатар, қаупі бірнеше облыстың жекелеген аудандарында жоғары және төтенше өрт сақталады. Атап айтқанда, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Павлодар, ШҚО, Жетісу, Абай, Ұлытау облыстарының бірқатар аумақтарында өрт қаупі бар.
Синоптиктер тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне дайын болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Фото: Нұрболат Нұржаубай