Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдағы еріктілердің рөлі

Қоғамдағы еріктілердің рөлі

Еріктілік- бұл қарапайым қызмет емес,шынай ниет, өмірлік көзқарас.
Бүгінгі қоғамда ешнәрсеге бейжай қарау мүмкін емес. Әлемде, елде, тіпті шағын ауылда болып жатқан апаттар әрқайсымызға әсер етеді. Осындай жағдайларда көмек қолын созып, ақысыз еңбек ететін еріктілердің орны өте маңызды. Олар еш сыйақы күтпей, өз ниеттерімен өзгеге жақсылып жасап, түрлі салада білсенделік танытады.
Еріктілердің рөлі жыл сайын артып келеді, олар экология, төтенше жағдайлар, деңсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау сиякты және т.б. бағытта жұмыс жасайды. Әлеуметтік қолдау бағытында – қарттар үйлерінде, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жалғызбасты аналарға көмек көрсетеді, бұл – олардың адамгершілік пен мейірімділіктін белгісі. Сонымен қатар, еріктілер денсаулық сақтау саласында да олардың еңбегі көп – олар қан тапсыру шараларына атсалысады, ауыр науқас балаларға материалдық және моральдық көмек көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттайды. Білім беру бағыты бойынша білім алуға құштар тегін курстар алуға мүмкіндік туғызады. Ал табиғи апаттар, су тасқыны, өрт немесе пандемия уақыты немесе басқада төтенше жағдайда қалған адамдарға керек көмегін көрсетіп келеді.
2002 жылы Біріккен ұлттар ұйымы бас ассамблея¬сы «Халықаралық волонтерлар жылын» жариялаған болатын. Еліміз сол жылы Біріккен ұлттар ұйымының аталған бастамасына қолдау білдірді. Ал 2010 жылы Қзақстанда да ұлт¬тық волонтерлар желісі құрылған болатын. Осыдан алты жылдан кейін, 2016 жылы волонтерлердің қызметі «Волонтерлік қызмет туралы» заңмен заңдық тұрғыда бекітілді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2020 жыл Волонтерлер жылы деп жарияланып. Әлеуметтік желілерінде қайырымдылық қорлар ашылып, адамдарға материалдық жағдайын қаматамасыз етуге көмектеседі.
Университеттер мен мектептерде де еріктілер клубтары ашылып, жастардың әлеуметтік белсенділігі артты. Олар қарттарға көмек көрсету, тазалық шараларын қатысып, балалар үйіне барып концерт ұйымдастыру, ағаш отырғызу сияқты көптеген шараға атсалысуда.
Еріктілік – жастардың өз белсенділігін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар өмірлік маңызы бар тәжірибе жинауға, жаңа әлеуметтік ортада өзін сынауға, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға және азаматтық көзқарасын дамытуға таптырмас мүмкіндік.
Сымбат АЙДАРХАНОВА
22 мамыр 2025 ж. 10 0