Еріктілердің еңбегі ерекше
ҚР Президентінің Жарлығымен биылғы жыл – «Волонтерлер жылы» жарияланған болатын. Осы жылы еліміздегі волонтерлік қызметті ауданда дамыта отырып, жаңа жетістіктерге жететінімізге үмітіміз мол. Қазіргі таңда ауданда волонтер жылы аясында іс-шаралар жоспары сол кезде-ақ әзірленіп, жоспарға сәйкес ауданда 65-тен астам түрлі бағыттағы шаралар өткізілді.
Еріктілердің еңбегі осы уақытқа дейін де қоғамда өзіндік орнын тауып келген болатын. Аудандағы атқарушы билік тарапынан да қолдау әркез жасалып келді. Биылғы жылдың шеңберінде қолдау еселеніп, еріктілерді еңбекке тарту мақсатында олардың өзіндік көзқарасын, болмысын, қоғамға үлес қосуға деген қызығушылығын арттыру жолында түрлі шаралар қолға алынды.
Енді биылғы тоғыз айда атқарылған жұмыстарға тоқтала кетсек, көп нәрсені аңғарамыз. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» жанынан «Жас толқын» еріктілер тобы құрылып, аудандағы жалғызбасты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі балаларға бағытталған түрлі бағыттағы шараларды ұйымдастырды. Бұл жұмыс ұдайы жалғасын тауып, «Qamqor» бағыты бойынша қаладағы жалғызбасты ардагерлерге қолғабыс жасау үшін 18 шара өтсе, тұрмысы төмен көпбалалы жас ананың шаңырағына барып, азық-түлікпен көмектесу жүйелі түрде жалғасты. Сонымен бірге «Ерікті болу – ерлік» тақырыбында аудандағы колледждер және қала мен кент, ауылдық округтердегі мектеп қабырғаларына барып, еріктілер қатарына жастарды тарту мақсатында кездесулер өтті. Осы орайда қайырымдылық мақсатта құрылған «Арал мейірімі» қоғамдық қорының атқарған ісі ауыз толтырып, мақтанышпен айтуға тұрарлық.
Биылғы жылдың ақпан айының 11-12-сі күндері ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың қатысуымен республикалық еріктілер фронт-кеңсесінің ашылуы өткізіліп, аудандағы «Арал мейірімі» қоғамдық қоры мен «Жас толқын» еріктілер ұйымының мүшелері қатысты. Аудан еріктілері Мемлекет басшысы қолдау білдірген, Нұр-Сұлтан қаласының еріктілері жариялаған «Біз біргеміз» челленджіне үн қосып, белсенділік танытты. Көктемде ауданда санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын атқарып, жылдағы дәстүрге сәйкес жұмыстар жанданады.
Иә, атқарылған іс өте ауқымды. Соның арасында биылғы пандемия уақытында істелген жұмыстарда еріктілердің еңбегін ерекше бағалауға тұрарлық. Коронавирустың таралуына жол бермеу жолында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» жанынан арнайы штаб құрылды. Ерікті жастардан құрылған аталмыш штаб аудандағы адам көп шоғырланатын орындарда арнайы әзірленген үнпарақтар, жадынамалар, әдістемелер мен медициналық бетперделер таратылып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Елдегі елеулі оқиғаларға да өз үлестерін қоса білді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының волонтерлерге еңбек кітапшасын беру туралы Жарлығы бойынша аудандағы волонтерлерге еңбек кітапшасын тапсыру бағытындағы жұмыстар істелуде.

Нұржан Мұратбаев,
«Жас толқын» еріктілер тобының жетекшісі