Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «АРАЛ МЕЙІРІМІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ ЕСЕПТІ КЕШ БЕРДІ

«АРАЛ МЕЙІРІМІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ ЕСЕПТІ КЕШ БЕРДІ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен биылғы жыл - «Волонтер жылы» деп аталған болатын. Осыған байланысты, ауданда құрылған еріктілер ұйымдары есепті кештерін өткізуде.
Ауданымызда қайырымдылық бағытында құрылған «Арал мейірімі» қоғамдық қоры бүгінгі күні көптеген игі істердің басында жүр.
Осы уақытқа дейін аталмыш қоғамдық қор 80 отбасын азық-түлікпен, 250 отбасына киім-кешек және 16 отбасына қыстық отынмен қамтамасыз еткен. Сонымен қатар, жалғызбасты анаға баспана тарту етсе, қарт ананың үй құрылысына, 7 баланың еміне қаражат жинап, 6 отбасына қаржылай көмектер көрсетілді.
«Арал мейірімі» қоғамдық қорының осы уақытқа дейін жеткеткен жетістігі аз болмады, 2019 жылы "Арал мейірімі" "VOLUNTEER FEST" облыстық жас еріктілер фестиваліне қатысып, облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, аудандық білім бөлімі басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, 2019 жылдың қорытындысы бойынша "Жылдың үздік ұйымы" атағын иеленді.
Қоғамдық қор еріктісі – А.Оңғаров ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың қатысумен өткізілген Волонтерлер фронт-кеңсесінің ашылуы салтанатына қатысып қайтты. 

17 ақпан 2020 ж. 1 677 0