Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі М.Оразбаевтың төрағалығымен және аудандық мәслихат және «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, орталық атқарушы органдардың аумақтық басқармаларының басшылары, дербес бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органы, мекеме, кәсіпорын басшылары, мектеп, балабақша ұжымдарының қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесу өткізілді.
Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселесін талдауға бағытталған басқосуда аудан басшысы өңірімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралар тұрақты жүргізіліп келе жатқанын, бұл мәселе бірінші кезекте өзінің қатаң бақылауында екендігін атап өтті. Одан әрі Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті батыс аймағы бойынша Арал, Қазалы ауданаралық басқармасының басшысы болып жаңадан тағайындалған Әліпбаев Ерболат Әзімжанұлын таныстырды.
Басқосу барысында қазіргі таңда әлемнің барлық елдерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мен оны болдырмау жолдарын қарастыру мәселесі өзекті екендігін айта келе, еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың ахуалын анықтау мақсатында Transparensy International Kazakhstan үкіметтік емес халықаралық ұйымының биылғы есебі Қазақстан үшін ерекше болатындығын ескертті.
Айта кетсек, «Transparency International» - бүкіл әлем бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрестің және жемқорлық деңгейін зерттейтін үкіметтік емес халықаралық ұйым. Transparency International халықаралық қозғалысы Бүкіләлемдік банктің бұрынғы директоры Петер Айгеннің бастамасымен 1993 жылы Берлинде басталған. Қазіргі уақытта әлемдегі 100-ге жуық елде ұйымның бөлімшелері жұмыс істейді.
Одан әрі кездесудің басты тақырыбы аясында аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Б.Ізмағамбетов аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарс іс-қимылдың жағдайы туралы баяндама жасады. Белгілі болғандай жемқорлықпен күрес бағытындағы шаралар жоспар бойынша өз деңгейінде өткізілуде.
Сонымен қатар, аталған Transparensy International Kazakhstan ұйымымен Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың ахуалына жүргізген зерттеу нәтижелерінің негізінде аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа апаратын жағымсыз факторларды болдырмау және жою мақсатындағы шаралардың жол картасы әзірленген, алдағы уақытта сол бағытта жұмыстар жасау жоспарланып отыр.
Бұл бағыттағы жұмыстардың білім саласы бойынша атқарылу барысын аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова тарқатып өтті. Атап айтсақ, мектеп қабырғасындағы оқушылардың қоғам дертіне қарсы тұру имунитетін қалыптастыру бағытында түрлі шаралар үздіксіз жүзеге асырылуда. Соның ішінде, ерекше айта кетер тұсы мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ауданның 44 орта мектебінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Қазіргі таңда ауданда 2400 клуб мүшесі бар.
Расында, «Адал ұрпақ» еріктілер клубтары оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеуде, олардың бойында жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруда маңызды рөл атқаруда.
Жиын барысында денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар жайы да сөз болды.
Осылайша маңызды салалар бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесімен танысқан ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті батыс аймағы бойынша Арал, Қазалы ауданаралық басқармасының басшысы Е.Әліпбаев аудан бойынша қолға алынған қадамдарға оң бағасын бере отырып, елімізді өркендету жолында сыбайлас жомқорлық әрекеттерін болдырмау, алдын алу бағытында аянбай, бірлесе қызмет атқаруға шақырды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
27 қыркүйек 2019 ж. 1 786 0