Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерікті болу – ерлік

Ерікті болу – ерлік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай Үкіметке аталмыш жылды жоспарға сай жоғары деңгейде өткізу мақсатында қажетті шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Бүгінде өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Бүгінде әлем халқының миллионнан астам волонтер болса, оның ішінде әрбір сегізінде қазақстандық еріктілер қатарын толықтыруда.
Арал жастарының да қоғамға араласуы, олардың тыныс-тіршілігімен танысып, насихаттау мақсатында Орталық кітапхананың «Коворкинг» білім орталығында №3 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ерікті болу ерлік» атты тақырыбында еріктілер тобымен кездесу кеші өткізілді. Кешке аудандық жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған еріктілер тобының жетекшісі мен бір топ мүшелері қатысты.
Соның ішінде Еріктілер тобының жетекшісі Нұржан Жаңабергенұлы:
  • Осы уақытқа дейін түрлі бағытта әр түрлі тақырыпта 100-ден аса шара өткізіп келеміз. Аудандық кәсіпкерлердің көмегімен қала тұрғындарына 7500 масканы тегін тараттық. Үнпарақтар таратылып, асарлату жұмыстары да қатар жүргізіліп отырды, – деп еріктілердің атқарған жұмыстарына тоқталды.
Сонымен бірге кешке Өмірсерік Тахирұлы, Гүлсая Маратқызы, Элеонара Нұржанқызы сияқты еріктілер тобының мүшелері қатысып, еріктілер тобы мұқтаж жандарға қашанда қолдарынан келген көмекті жасауға әрдайым даяр екендіктерін айтып, өз ойларымен бөлісті.   
 «Еріктілер жұмысы – бұл басқа адамдардың игілігі үшін саналы, ерікті және ақысыз қызмет ету. «Еріктілік қазір жаңа ұғым ретінде қалыптасқанмен, бұл нәрсе қазақ қоғамында ертеден болған. Әлсізге қол ұшын созу, жасы үлкен адамға көмектесу –қазақ қоғамында бұрыннан бар. Ал аудан жастарынан құрылған еріктілердің жұмысы өзгеге үлгі және жастарымыздың тұтас ел бойынша жұмыла еңбек етуіне оң әсерін тигізері сөзсіз.
А. Ержетқызы,
№3 қалалық кітапхананың меңгерушісі.
27 қазан 2020 ж. 969 0