Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Неліктен әрбір азамат МӘМС жүйесінің қатысушысы болуы керек?

Неліктен әрбір азамат МӘМС жүйесінің қатысушысы болуы керек?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Екінші деңгейлі банк мамандарымен өткен кездесулерде Қор филиалының сарапшылары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтары, жарналарды дұрыс төлеу тәртібі және кімдер МӘМС-ке төлемнен босатылғаны туралы түсіндірді.
Кездесулер «Halyk Bank», «Kaspibank», «Банк ЦентрКредит», «ForteBank», «Bereke Bank» банктерінің филиалдарында өтті. 
Сарапшы Алия Убисултанованың айтуынша, жұмыс беруші МӘМС жарналарын есептеу барысында төлем тағайындау кодын (бұдан әрі – ТТК) дұрыс көрсетуі аса маңызды. Атап айтқанда: аударым мөлшері – 3%, ТТК – 121; жарна мөлшері – 2%, ТТК – 122. 
Сонымен қатар, спикер халықтың белгілі бір әлеуметтік санаттары үшін жұмыс берушілердің МӘМС төлемдерінен босатылғанын мәлімдеді. (толығырақ: https://msqory.kz/kk/naseleniyu/chastye-voprosy/platezhi-i-vozvraty/?sphrase_id=25984)
Кездесу барысында МӘМС жүйесіне қатысудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.  «Сақтандырылған» мәртебесі сапалы медициналық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік береді, аурулардың немесе жарақаттардың қаржылық тәуекелдерін азайтады және уақтылы медициналық көмек арқылы қоғамдық денсаулықты сақтауға ықпал етеді.
02 маусым 2025 ж. 51 0