Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қару» жедел профилактикалық іс шарасы өткізілді

«Қару» жедел профилактикалық іс шарасы өткізілді

2025 жылдың маусым айының 2-6 күндер аралығында өтіп жатқан «Қару» жедел профилактикалық іс шарасының алғашқы күнінде Арал теңізі станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Арал теңізі станциясына келіп-кететін барлық жолаушылар поездарының жолаушыларымен және ауыл тұрғындарымен кездесіп, заңсыз сақтаудағы қаруды және оқ-дәрілерді тәркілеу және олардың сатып алу көздерін, оны заңсыз жеткізу арналарын анықтау.
Сонымен қатар заңсыз қаруды сақтау, алып жүрумен айналысатын тұлғалар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, отты атыс қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алу, ескерту болып табылатынын айтып өтті.
Егер де жоғарыда айтылғандай заң бұзушылықтарды көрген немесе анықтаған жағдайда дереу ішкі істер органдарына хабарлау керектігі ескертілді.
С.Есмурзаев,
Арал теңізі ст.Жпб бастығы полиция капитаны 
03 маусым 2025 ж. 46 0