Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда пробация есебіндегі сотталғандармен түсіндірме кездесуі өтті

Аралда пробация есебіндегі сотталғандармен түсіндірме кездесуі өтті

Арал аудандық қоғамдық даму бөлімінің  ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған сотталғандармен кездесу өтті. Іс-шараға аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Н.Тәукенов және РАНТ (Республикалық ақпараттық-насихат тобы) мүшесі, теолог Нұрсұлтан Мамедалиев қатысты.

Кездесу барысында сотталған азаматтарды қоғамға бейімдеу, құқықтық және рухани тұрғыдан оңалту мәселелері талқыланды. Нақтырақ айтқанда, діни бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, экстремизм мен радикализм идеяларынан сақтану жолдары түсіндірілді.

Нұрсұлтан Мамедалиев өз сөзінде дін атын жамылып жасалатын әрекеттердің адам өмірі мен тағдырына кері әсер ететінін айтып, діни сауаттылықтың маңыздылығын жеткізді. Сонымен қатар, қоғамда өз орнын табуға ниетті әр азаматтың түзелу жолында нақты қадам жасауы керектігіне тоқталды.
Кездесу еркін форматта өтіп, сотталғандар тарапынан да түрлі сұрақтар қойылды. Олар өздерін толғандырған мәселелер бойынша мамандардан нақты жауаптар алды.

Мұндай кездесулер пробация есебіндегі азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне, құқық бұзушылықтың алдын алуға және рухани тұрғыдан қалыптасуына оң әсер етеді. Пробация қызметі алдағы уақытта да осындай түсіндірме шараларын тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Арал аудандық пробация қызметі
09 маусым 2025 ж. 162 0