Пробация қызметі жөнінде кездесу өткізілді
Бүгін Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Ш. Есенгелдиев аудандық пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру және арттыру мақсатында аудан әкімінің орынбасары К. Бержановпен жүздесті. Жиынға Қызылорда облысының пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің аға инспекторы Ғ. Құлманов, Арал аудандық пробация қызметінің бастығы С. Сейталиев, Арал ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Ж. Қуатов қатысты. Кездесуде пробациялық есептегі азаматтарды қадағалай отырып, қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында оларға қолдау көрсету, жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу және өзге де әлеуметтік, құқықтық көмектер көрсету жұмыстарын жандандыру мәселелері талқыланды.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі