ToPiQ-дің тиімділігі

Мен бірінші сыныпта оқимын. Мектепке келгенде маған бәрі қызық болды. Мұғаліміміз бізге сабақта тек кітаппен ғана емес, телефон мен планшет арқылы да оқуға болатынын айтты. Біз ToPiQ деген электронды оқулықпен оқи бастадық.
ToPiQ – өте қызықты оқу платформасы. Онда түрлі тапсырмалар, суреттер, дыбыстар және бейнелер бар. Мысалы, мен ToPiQ арқылы әріптерді жаттадым, есептер шығардым, тіпті сурет салуды де үйрендім.
Маған ToPiQ ұнайды. Себебі, экранда бәрі анық көрінеді, тапсырмалар қызықты әрі жеңіл түсіндіріледі, қате жасасам, платформа көмектесіп, дұрыс жауапты үйретеді және мұғалім мен ата-анам менің қалай оқып жатқанымды көре алады.
Электронды оқулықпен оқу – ойын сияқты. Бірақ ол арқылы мен көп нәрсені үйреніп жатырмын. Сабақтар енді маған қызығырақ әрі оңай болып көрінеді.
Мен болашақта да ToPiQ платформасын қолдана беремін. Ол мені ақылды әрі білімді оқушы болуға көмектеседі.
Асылмұрат АЙБОЛАТ,
№57 Е.Көшербаев атындағы
орта мектептің
1-сынып оқушысы