Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Электронды оқулық маған қалай көмектеседі?

Электронды оқулық маған қалай көмектеседі?

Бүгінде білім беру саласында цифрландыру үдерісі кең қарқын алып келе жатқаны анық. Осының нәтижесінде қағаз оқулықтардың орнын электронды оқулықтар басып келеді. Соның ішінде ерекше назар аударарлық жобалардың бірі – ToPiQ электронды оқулығы. Бұл оқулық заманауи білім беру талаптарына сай әзірленген, сонымен бірге оқушы мен мұғалімге ыңғайлы платформа.
Мен бірінші сыныпта оқимын. Мектепке келгенде, мен оқуды, жазуды, санай білуді үйренгім келді. Бізге мұғалім сабақта түрлі қызықты дүниелер көрсетеді. Соның бірі – ToPiQ деген электронды оқулық.
ToPiQ маған қатты ұнайды. Онда түрлі суреттер, ойындар, тапсырмалар бар. Кейде біз сол арқылы математикадан есеп шығарамыз, кейде әріптерді үйренеміз. Барлығы экранда анық көрінеді, дауыспен де айтады. Егер бірдеңе түсініксіз болса, мен оны қайта-қайта көре аламын.
Маған әсіресе тапсырма жасап болған соң жұлдызшалар беретін жері ұнайды. Ол менің дұрыс жауап бергенімді көрсетеді. Мен қателессем де, мұғалім бізге көмектеседі, бірге дұрысын табамыз.
ToPiQ-ты пайдалану сабақтарды қызықты етеді. Мен енді мектепке келуді одан да қатты жақсы көремін. Өйткені жаңа нәрселерді үйрену оңай әрі көңілді болады!
Әли АСҚАР,
№57 Е.Көшербаев атындағы орта мектептің
1-сынып оқушысы
13 маусым 2025 ж. 49 0