Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «100 оқулық»-жаңа бастама

«100 оқулық»-жаңа бастама

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша 18 оқулық жарық көрді. Олар экономика, философия, тарих, тіл білімі, жалпы әлеуметтік-гуманитарлық салаларды қамтиды. Жоба аз уақыттың ішінде серпін беретін басым бағыттардың біріне айналды. Ең бастысы, жастардың гуманитарлық салаға деген қызығушылығын арттыратүсті.Сонымен бірге, оқу орындарындағы мазмұн және академиялық талқы деңгейі әлемнің ілгері ғылыми орталықтарының деңгейіне көтерілуге жол ашты. Аталған жоба аясында алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік деген университет оқулықтары түрлі тілдерден қазақ тіліне аударылып, студенттерге дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасалмақ.
Иә, әр ұлттың, келешегі мен болашағын баян еткен де тарихы мен өткенін жыр еткен де кітап болатын. Сондықтан, кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу-әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі екенін естен шығармағанымыз жөн. Ендеше «100 оқулық» жобасы төңірегіндегі атқаралып жатқан жұмыстар тіліміздің жаңа тыгнысын ашып, қазақ аударма мектебін қайта қалыптастыруға алып келеді деген сенімдеміз.
Гүлмира Тоғаева,
№73 орта мектеп мұғалімі.
05 маусым 2018 ж. 2 090 0