Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Өз шешімін тапқан – келелі жоба»

«Өз шешімін тапқан – келелі жоба»

Қазақстан халқы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының маңызын терең түсініп, еліміздің рухани тәуелсіздігін нығайтатын стратегиялық құжатқа балап отыр.
Жаһандану жағдайында өзіміздің мемлекеттілігімізді, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді, жалпы ұлттық ерекшеліктерімізді қалай сақтап қаламыз деген мәселе әрбір азаматты толғандыратыны сөзсіз. 
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында атқарылған жұмыстардың алғашқы нәтижесі 18 жаңа оқулықтың жастарға тегін таралыммен кітапхана сөрелеріне жол тартуы көпшілік оқырман қауымды қуантып қана қоймай, аударма ісіндегі жаңа бір серпін болды. Оқулықтар философия, әлеуметтану, психология, дінтану, мәдениеттану, тіл білімі, антропология, экономика, менеджмент және кәсіпкерлік бағыттарында әлем тарихындағы ең үздік ғылыми еңбектер және түпнұсқадан тікелей қазақ тіліне тәржімаланған алғашқы туындылар .
Бұл іс- Елбасының болашақ жас оқырмандарға жасаған үлкен қамқорлығы - деп түсінемін. Себебі, қаншама қаражатты қажет ететін аударма ісін мемлекет өз қаражат есебінен жүзеге асыруы ешбір елде жоқ тәжірибе екендігін әлем елдері мойындап отыр.
Ендеше, Елбасының ұсынған тың бастамасы халқымызды рухани-жаңғыртуға жетелері сөзсіз. 
К.Тлепов
Арал ауданы, Аралқұм елді мекені,
№61 орта мектеп директоры 
24 сәуір 2018 ж. 1 366 0