Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігіне оңтүстік циклон әсер етіп, онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер найзағайлы жаңбыр алып келеді. Елдің солтүстігінде күндіз қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Сонымен қатар батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең солтүстік-батыс, солтүстік пен орталық аймақтарда тұман күтіледі. Желдің күшеюі де болжанып отыр.
Ауа райының қолайсыздығына қоса, өңірлерде өрт қаупі жоғары болады. Атап айтқанда, Алматы, Батыс Қазақстан, Жетісу, Ұлытау, Абай, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аудандарында өрт қаупі жоғары деп күтілуде.
Ал Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстары мен таулы аймақтарда, сондай-ақ Ақтөбе, Алматы, Маңғыстау, Қостанай, Ұлытау, Қарағанды, Абай, Жетісу және Батыс Қазақстан облыстарының көптеген бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Сонымен қатар синоптиктер 14 маусым күні аптап ыстық болатынын ескертеді. Жетісу, Абай, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл, Ұлытау және Қостанай облыстарында ауа температурасы 35-40°C дейін жетуі мүмкін.
"Қазгидромет" тұрғындарға ауа райы құбылыстарына барынша дайын болуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және ауа райы болжамдарын қадағалап отыруға кеңес береді.
Фото: ашық дереккөзден алынды