Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Лом" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

"Лом" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

Республика аумағында шикізат метталургия өнімінің экспортын,металл сынықтары мен қалдықтарының көлеңкелі айналымын жою,металл сынықтарын контрабандалық жолмен тасымалдау фактілерін анықтау және жолын кесуге бағытталған " Лом" жедел-профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың маусым айының 16-25 күндер аралығында өткізілуіне байланысты. Теміржол рельстерінің сынықтары мен өзге қалдықтары қара металдардың қайталама шикізатының оқшауланған санатын құрайды. Бұл темір жол металл сынықтарының бағасына да, оны қабылдау кезінде жоғары жауапкершілікке де әсер етеді. Барлық теміржол метал қалдықтарын үш топқа бөлуге болады. Біріншіден, ол рельстік сынықтар, екіншіден вагон құрылғылары, доңғалақ жұптары, өзге де теміржол қалдықтары және соңғы тобына тозған подшипниктер, металл арқандар және есептен шығарылған темір жол жабдығының кез келген металл тораптары жатады.Осы металдардың барлығы қымбат болғандықтан, адамдар бұл сынықтарды қалайда болмасын ұрлап, қара металл қабылдау орындарына өте жоғары бағамен тапсырғылары келеді. Өйткені олардың бағалары өздеріне сай тиісті жоғары бағамен қабылданады.
Осыған байланысты Арал теңізі станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері қара металл қабылдау пункттерін тексеру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, қабылдау орындарына рейдтік жұмыстар жүргізді.
Рейдтің мақсаты - темір жол көлігіндегі ұрлықтың алдын алу және қызмет көрсету учаскесіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Қара металдарды қабылдау пункттеріне бару кезінде қызметкерлер металл қабылдаушылармен әңгімелесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Темір жол сынықтарын тапсыру кезінде қабылдаушы металл сынықтарын тапсырушының мәліметтерін жазып алуы тиіс, себебі темір жол мүлкін ұрлау қылмыстық жауапкершіліке жатады.

Арал теңізі ст.ЖПб бастығы полиция капитаны С.Есмурзаев
17 маусым 2025 ж. 34 0