«ТОЛҚЫННЫҢ» ТУҒАНЫНА 95 ЖЫЛ

Жаңалықтың жаршысы бола білген,
Ешбір затты жалғаннан жазбайтұғын.
«Толқынның» туғанына 95 жыл!
Сыр бойының саяси басылымы.
Халқы үшін жолдайтын ашық үні.
1930-да жарық көрген,
Аралымның ардақты асыл үйі.
«Толқынның» туғанына 95 жыл!
«Екпінді балықшы» атпен жарық көрген.
Талай-талай мақалаға жарық берген,
Кейіннен «Социалистік Арал» болып.
Барша жұрт жақсы жақтан танып келген,
«Толқынның» туғанына 95 жыл!
Халықтың әл-ауқатын ескеретін,
Саралап ой електен өткеретін.
Редакторы Сайлауов Айдар мырза,
Ақпараттың шындығын тексеретін.
«Толқынның» туғанына 95 жыл!
Басылым Сыр бойында жанып тұрған.
Аралдың барлық сырын салып тұрған,
Бар халқы, мекемесі үзбей оқып.
Газетті халқы түгел танып тұрған,
«Толқынның» туғанына 95 жыл.
Оқырманын бір өзіне баураған,
Талай ақын сұлу сөзін арнаған.
Қасиетті Аралымның «Толқыны»,
Жүректерде тебіреніп, лаулаған.
«Толқынның» туғанына 95 жыл,
Тарихы терең әрі тамыры нық.
«Толқын» боп тербеген сан ойды шындық,
Аралдың тарихында ғана емес.
Қазақтың тарихында қалары анық,
«Толқынның» туғанына 95 жыл!
«Толқыным» толқын болып қалықтасын,
Оқырмандар оқудан жалықпасын.
Аралдың төңірегінде қалып қоймай,
Әлемдік дәрежеде шарықтасын.
«Толқынның» туғанына 95 жыл!
Нұрайым СЕРІКБАЙ,
10-сынып оқушысы
10-сынып оқушысы