Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЛАҒА ОЙЫНШЫҚ ТАҢДАЙ БІЛЕМІЗ БЕ?

БАЛАҒА ОЙЫНШЫҚ ТАҢДАЙ БІЛЕМІЗ БЕ?

Бақытты балалық шақтың бір көрінісі – ойыншық екені белгілі. Бала болып ойыншық ойнап, дүкен сөресінен көрген ұнаған ойыншықты алуды арман ету барлығымыздың басынан өткен болар?! Соның ішінде, Барлығымызға белгілі, бүлдіршіннің ең алғашқы ойыншығы – сылдырмақ. Ежелгі Греция және Римде сылдырмақты дүние есігін жаңа ашқан нәрестеге сыйлаған. Сондай-ақ біздің алғашқы ойыншықтар заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда пайда болған. Ертедегі ойыншықтарды ағаш, саз және сүйек, тіпті металдардан жасаған. Археологтардың қазба жұмысы барысында көне қорымдардан адамдармен қоса әр түрлі ойыншықтардың да жерленгені анықталған. Ежелгі грек балаларының сүйікті ойыншықтары, сонымен бірге ат бейнесі ағаштан, саз балшықтан жасалған.Бүгінде еуразиялық экономикалық одақ аумағында өңделетін барлық ойыншықтар балалар үшін қауіпсіз және талаптарға сай болуы керек. Балалар ойындары мен ойыншықтарының сапасы мен қауіпсіздігі Кеден одағы Комиссиясының 2012 жылғы 23 қыркүйектегі №798 шешімімен бекітілген Кеден одағының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентімен нормаланады.
Балаларымызға ойыншық сатып алғанда неге назар аудару қажет жағдаяттар болады. Яғни, ойыншық таңдар кезде ең алдымен жапсырмаға назар аударыңыз. Толығырақ айтар болсам, өнімнің атауы, Қазақстан Республикасының нарығында өнімді орналастыратын дайындаушының және тұлғаның заңды мекен-жайы көрсетілген толық атауы, ойыншықтың фукционалдық мақсаты немесе оның қолданылу аясы және негізгі тұтынушылық қасиетте-рі және сипаттамалары, сәйкестік белгісі, пайдалану жөніндегі нұсқаулық, сонымен бірге ойыншықты пайдалану кезінде ықтимал қатерлер және жасына қарай шек қою туралы ескертулер.
Осылайша, балалар ойыншықтарын таңдаған кезде, ата-аналар ескеруі керек дүниелер бар. Ойыншықтарды белгіленбеген базарлардан алмай, балалар ойыншықтарын сататын мамандандырылған сату орындарынан алуы қажет. Базарлардағы сатушыларда өз тауарларына қажетті құжаттар өте сирек болады. Атап өтсек, қаптамада таңбалау болуы керек, яғни ол сенімді, тексерілетін, анық, оңай оқылатын, тексеру және сәйкестендіру үшін қолжетімді болғаны дұрыс, сонымен қатар өндіруші – фирма, өндіруші елі туралы, балалардың жас тобына сәйкес ақпараттарды қамтуы қажет, ойыншықтарды таңдағанда, оның иісіне назар аударған жөн, бұл оның сапасының нашар екендігінің жанама көрсеткіші. Ойыншықта өткір, жағымсыз, бөгде иіс болмауы керек. Сондай-ақ пластмассадан жасалған ойыншықтардың тек беткі жағы ғана емес, бүкіл массасы боялуға рұқсат етіледі. Оны ылғалды сүрткішпен немесе саусағыңызбен ойыншықтың бетін сүрту арқылы оңай тексеруге болады және де егер салфетка немесе саусағыңыз боялған болса, онда мұндай ойыншықты сатып алмау қажет. Ойыншықтарда деформациялар, өткір жиектер, бұдырлар болмауы тиіс, ойыншықтардың бөлшектері берік болуы керек.
Тұтынушыға арналған ақпарат нақты ойыншыққа бірге берілетін мәтіндік құжат (паспорт, заттаңба, жапсырма, пайдалану жөніндегі нұсқаулық) түрінде берілуі немесе ойыншыққа тікелей немесе оның орамасына (тұтынушы ыдысына) таңбалау түрінде түсірілуі мүмкін.
Тұтынушыға арналған ақпарат «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік тілде және орыс тілінде берілуге тиіс. Егер аббревиатура дайындаушыны немесе өнімді нарыққа орналастыратын тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік берсе, ақпараттың бір бөлігі қысқартылуы мүмкін. Мәлімделген ақпаратқа өнімнің сәйкестігі дайындаушы немесе өнімді нарыққа орналастыратын тұлға үшін міндетті болып табылады.
Ойыншықтың сапасы мен қауіпсіздігіне сонда да күмәнданатын болсаңыз, сатушыдан өнімнің қауіпсіздігін растайтын сәйкестік туралы сертификатты сұрауға құқығыңыз бар.

А.САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
 бақылау басқармасының басшысы
18 маусым 2025 ж. 64 0