Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Балаларымызға қауіпсіз ойыншық таңдай білеміз бе?

Балаларымызға қауіпсіз ойыншық таңдай білеміз бе?

Өз балама қандай ойыншық таңдасам екен? Бұл сұрақты көптеген ата-ана қояды. Әрине, әрбір ата-ана үшін бала денсаулығы бәрінен жоғары тұрары түсінікті. Балаға ойыншық таңдау ата-аналардан барынша ұқыптылықты, жауапкершілікті талап ететін жайт.

Қазіргі таңда ойыншықтың түрлері өте көп, оларды өндіретін кәсіпорындар да жетерлік. Көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы да көрші елдерден әкелінеді. Бұл ойыншықтарда маркерлену болмайды және оларды жеке кәсіпкерлер базарларда сапасы мен қауіпсіздігін растайтын ешбір құжатсыз саудалайды.
Балалар ойыншықтарының құжатында келесі мәліметтер болуы қажет:
атауы,
өндіруші елі,
жасалған жері,
өндірушінің мекен-жайы, импортері, олармен байланысу телефоны,
өндірушінің тауар белгісі,
баланың жас мөлшеріне сәйкес ойыншығы және пиктограммасы,
негізгі құрастырғыш материалы (3 жасқа дейнігі балалар үшін);
ойыншық күтімі (қажеттілігіне сай);
шығарылу күні (айы, жылы); сақтау мерзімі (олардың белгіленуімен);
сақталу жолы (қажеттілігіне сай).
Ойыншықтар жасалатын материалдар пайдалануға рұқсат етілуі тиіс, модельді ортаға зиян химиялық заттардың миграциялануының көзі болмау керек. Ойыншықтардың қорғаныс-декоративті жабыны ылғалды өңдеуге, сілекей мен тердің әсеріне тұрақты болуы қажет. Ойыншық бөлшектері функционалды механикалық ауыртпалықтарға төзімді болуы керек. Ойыншықтың жиектері,өткір ұштары, баулары, арқандары мен бекіткіштері балаға зақым келтіру қаупін тудырмауы қажет. Ойыншықтар өрт және жарылысқа қауіпсіз болуы шарт.
Балаларға арналған өнімдер уақыт өте келе улы заттарды түзе отырып ыдырамайтын материалдардан жасалуы керек (мысалы,металл бөлшектерінің қышқылдануынан). Құрамында ауыр металдар – кадмий, қорғасын, сынап аз мөлшерде ғана болуы керек.
Ойыншық таңдау кезінде оның иісіне мән беру керек,бұл арқылы оның сапасын жанама түрде білуге болады, өткір, жағымсыз, бөтен иіс болмау керек. Пластмассадан жасалған ойыншықтарда жеңіл-желпі бояу болмайды. Оны оңай тексеруге болады, ойыншықты ылғалды сүлгімен немесе саусағыңызбен ысып көріңіз, егер сүлгіге немесе саусағыңызға бояу жағылса, онда мұндай ойыншықты сатып алмағаныңыз абзал. Ойыншықты қолыңызбен жүргізіп көріңіз, онда майысу, үшкір қырлары, қылаулары болмауы керек, ақырын ғана тартқылап және сілкілеп көріңіз,ойыншықтардың бөлшектерінде берік бекіткіштер болуы керек, қуыршақтың жасанды шаштары дұрыс әрі қатты жапсырылуы керек.
Осыған байланысты, тұтынушыларға ойыншық сатып аларда балалардың денсаулығы үшін дүкендерден сапалы, әрі сәйкестігін растайтын құжаты бар, арнайы тексерістен өткен ойыншықтарды сатып алуға кеңес береміз.
А. Балшамбаева,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы 

Фото: tolqyn.kz
17 шілде 2023 ж. 310 0