Зейнетке шығарда нені білу қажет?

Зейнет жасына жақындаған азаматтар зейнетке шығуына 3 ай қалғанда ХҚКО-ға барып, болашақ зейнетақы мөлшерін алдын ала есептете алады. Ол үшін азамат жеке куәлігі мен еңбек кітапшасын ұсынып, толық кеңес алады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша «Әлеуметтік қамсыздандыру» басқармасының басшысы Марат Улеков осылай деп түсіндірді.
Ал зейнет жасына толуына 10 күн қалғанда, тиісті құжаттарды ХҚКО немесе ЭҮП арқылы тапсырып ресми өтініш бере алады. ХҚКО қызметкерлері құжаттардың заңға сәйкестігін тексеріп, еңбек кітапшасының түпнұсқасын электронды түрде әлеуметтік бөлімдерге жолдайды, - дейді сарапшы.
Әлеуметтік бөлім мамандары келіп түскен құжаттарды қарап, еңбек өтілі мен басқа да деректер негізінде электронды макет әзірлейді. Зейнетақы мен базалық зейнетақыны тағайындау туралы шешім жобасы облыстық филиал басқармасына жолданады.
Облыстық басқарма макеттерді тексеріп, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне жолдайды. Департамент құжаттарды тексеріп, дұрыс болған жағдайда бекітеді немесе қателіктер анықталған жағдайда кері қайтарады.
Зейнетақы тағайындау немесе тағайындалмауы туралы ақпарат азаматтың ұялы телефонына СМС хабарлама арқылы жіберіледі. Бекітілген макеттер аудандық бөлімдерде төлемге енгізіледі. Әр айдың 25-іне дейін келесі айға жаңадан тағайындалған және өзгерістер енгізілген төлемдер төлеуге әзірленеді. Бұл тәртіп барлық жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерге қатысты қолданылады.
Фото: baq.kz