Балмұздақты күнде жеу зиян ба

Аif.ru басылымының жазуынша, ересектер мен балалар үшін балмұздақтың бір күнгі қауіпсіз мөлшері стандартты порциядан аспауы тиіс. Яғни, вафельді стақандағы бір балмұздақ мөлшері болуы керек. Алайда мамандар бұл десертті күнделікті тұтыну дұрыс емес екенін ескертеді.
"Балмұздақтың құрамында май мен қант мөлшері жоғары. Бұл екі компонентті тұрақты түрде бірге тұтыну ағзаға зиянды",-дейді диетолог және нутрициолог София Кованова.
Егер адам балмұздақты жиірек жеуді қаласа, ол жеңіл әрі пайдалы нұсқаларды, атап айтқанда, мұзды жеміс, жидек қосылған балмұздақ немесе щербетті таңдағаны жөн.
Сонымен қатар маман балмұздақты бананнан дайындалған смузиге ауыстыруды ұсынады. Ол үшін бананды мұздатып, оны жидектермен бірге блендерге салып езеді. Егер сусынға сүт дәмін бергіңіз келсе, құрамына майлылығы 10 пайыздан аспайтын кілегей қосуға болады.
Ақпарат көзі: turkystan.kz
Фото: ашық дереккөзден алынды