Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘМС жарналарын дербес төлеуші ретінде қалай төлеу керек?

МӘМС жарналарын дербес төлеуші ретінде қалай төлеу керек?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына МӘМС жүйесіне қатысты сұрақтардың түсуі жалғасуда. Жиі қойылатын сұрақтарға Қордың Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Жұпар Алхожаева жауап берді.
Ресми түрде жұмысқа орналасқанмын, жақында жалақысы сақталмайтын ұзақ демалысқа шықтым, осы кезеңде жұмыс беруші мен үшін жарна төлемейді. Менің мәртебем қанша уақыттан кейін «сақтандырылмаған» болады және «сақтандырылған» мәртебесін жоғалтпау үшін не істеуім керек?
МӘМС жүйесіндегі мәртебе соңғы жарнадан кейін 3 ай бойы сақталатын болады. Ол одан әрі өзекті болып қалуы үшін өткізіп алған кезең үшін дербес төлеуші ретінде 2025 жылы ай сайын 4 250 теңге төлеу қажет болады.
МӘМС жарналарын дербес төлеуші ретінде қалай төлеу керек?
  • Төлем жасамас бұрын, мәртебеңізді және соңғы 12 айдағы төлемдердің болуын тексеріңіз.
  • Егер сізде бірнеше төленбеген ай болса, олар үшін әлдеқайда аз мөлшерде төлем жасап, мәртебені алу тиімді болады.
  • Егер ешқандай төлем болмаған жағдайда, онда төлемді өткен жылға емес, алдағы 12 айға жасаған тиімді.
  • Жарналарды ағымдағы айдан бастап төлеу керек.
  • Жарналарды әр ай үшін жеке төлеу қажет (2024-2025 ж. ж. 4 250 теңгеден).
  • Жарналарды кез келген банкте, АҚ «Қазпошта», төлем терминалдары немесе банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады
Ресми түрде жұмыс істейтін адам 56 күндік ұзақ демалысқа шықты. «Сақтандырылған» мәртебесін сақтап қалу үшін МӘМС-ке жарнаны қалай төлейді? 
         Сіздің жұмыс берушіңіз міндетті медициналық сақтандыру төлемдерін дұрыс бөлуі қажет. Егер демалыс бірнеше кезеңді (бір айдан астам) қамтитын болса, онда міндетті медициналық сақтандыру төлемдерін кезеңдерге бөлуі тиіс.
Мысалы, сіз шілде және тамыз айларында демалыста болды делік.  Бұл жағдайда есепші төлемдерді бір сомада емес, екі түрлі кезеңге (шілде және тамыз) есептеуі керек. 
10 шілде 2025 ж. 47 0