Президенттік кадрлық резервке іріктеудің екінші кезеңі пысықталды

Айта кету керек, бірінші кезеңде облыс бойынша 420 адам тіркеліп, құжаттары толық тексеруден өтті. Алдағы екінші кезеңде мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан тұрады. Бұл ретте, тестілеу процесі аудио-бейне фиксациямен өтіп, өз бетінше өту шартының сақталуын қамтамасыз ету прокторинг жүйесімен қадағаланатынын назарға алып, қатысушыларға осы бағыттағы ақпараттармен толық қамтамасыз етілуі тапсырылды.
Бұдан бөлек, шілде айынан бастап барлық ЖОО-ғы студенттердің дипломдарын алып, бос жұмыс орындарын қарастырып жатқандығын ескеріп, мемлекеттік тапсырыс негізінде GPA көрсеткіштері 3,33-тен кем емес түлектерді жұмысқа тарту мәселесімен қарқынды айналысу қажеттігі туралы нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен бірге, облыс орталығы мен аудандарда қандай да болмасын бос мемлеккеттік әкімшілік қалыптасқан жағдайда «Өңірілік кадрлық резервте» тұрған мамандарға ұсыныс беру қажеттігі, оларға жеке-жеке байланысқа шығу қажеттігі айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар қойған сұрақтарға жауаптар беріліп, Департамент тарапынан әдістемелік, ақпараттық қолдау білдіруге дайын екендігі аталып өтті.
kyzylorda-news.kz