Қазақстандықтар кепілге несие алуды жиілетті

Қазақстанда жылжымайтын мүлік немесе басқа да мүліктерді кепілге қойып несие алу халық арасында барған сайын танымал болып барады. Банктер клиенттерге тиімді шарттармен ірі сомаларды беруге дайын, себебі мұндай келісімдер олар үшін анағұрлым аз тәуекелді.
Ranking.kz сарапшыларының пікірінше, 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша кепіл несиесіне 50 мыңнан астам өтінім берілген, бұл тарихи рекорд. 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 34,4%-ды құрады.
Банктер көбінесе дәл осы кепіл несиелерін мақұлдайды:
• кепілсіз тұтынушылық несиелердің мақұлдау үлесі – 30,7%,
• ипотекалық несиелер – 23,6%,
• автонесиелер – 15,7%,
• ал кепіл несиелері бойынша мақұлдау деңгейі – 36,3%.
Аналитиктердің айтуынша, тұтынушылық кепіл несиелерінің танымалдығының артуына мынадай объективті себептер бар:
• несие сомасының жоғары болуы – кепіл есебінен қарапайым тұтынушылық несиемен салыстырғанда анағұрлым ірі сома алуға болады;
• пайыздық мөлшерлеменің төмендігі – банк үшін тәуекел аз болғандықтан, пайыздық мөлшерлеме де тиімдірек болады;
• икемді өтеу мерзімі – кепіл несиелері ұзақ мерзімге беріледі, бұл ай сайынғы төлемді азайтып, өтеуді ыңғайлы етеді;
• мақұлдану ықтималдығы жоғары, тіпті кредиттік тарихы онша жақсы емес адамдар үшін де кепіл несиенің мақұлдану мүмкіндігі артады;
• қаражатты еркін пайдалану мүмкіндігі, мақсатты несиелерден айырмашылығы, бұл ақшаны кез келген қажеттілікке жұмсауға болады.
Жалпы алғанда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) шілде айында 22,2%-дан 25,7%-ға дейін болды, ал несие сомасы 750 мың теңгеден 200 млн теңгеге дейін жетті. Несие 3 айдан 120 айға дейінгі мерзімге беріледі.
Дегенмен қазақстандықтар көбіне кепілсіз несиелерді таңдауды жөн көреді.