Моральдық зиян келтіргені үшін өтемақы өндірілді
Азаматша Е. «А» АҚ-да еңбек шарты бойынша оператор болып жұмыс істеп жүріп, 2025 жылғы 26 қаңтар күні жұмыс орнында жазатайым оқиғаға ұшыраған: осы мекеменің «Toyota» маркалы ашалы тиегіш құралы абайсызда соғып, соның салдарынан ауыр дене жарақатын алған.
Оқиғаны арнайы тергеп-тексеру қорытындысы жұмыс берушінің 100% кінәсін және қызметкердің толық кінәсіздігін анықтаған.
Жәбірленуші алған жарақатынан көру және жүру қабілеті нашарлағанын, өз бетімен жүре алмайтынын, жұмысқа жарамсыз болып қалғанын, ұзақ емделуді қажет ететінін, жан және тән азабын бастан кешіргенін көрсетіп, АҚ-нан моральдық зиян өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
Сот шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылып, АҚ-нан талап қоюшының пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 5 млн теңге өндірілген.
Арал аудандық соты