Кімдер зейнетке мерзімінен бұрын шыға алады – Еңбек министрлігі түсіндірді

"Мұндай төлемді алу құқығына азаматтар 55 жасқа толғанда және кемінде жеті жыл бойы міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын төлеген жағдайда ие болады. Осылайша, бұл санаттағы жұмысшылар зиянды еңбек жағдайларынан босап, зейнет жасына жеткенге дейін арнайы әлеуметтік төлем алуға құқылы", – деп түсіндірді Шенеева.
Бұдан бөлек, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де еңбек өтілі бойынша ерте зейнетке шығу құқығына ие.
"Мұндай зейнетақыны тағайындауды әр қызметкердің ведомствосына байланысты тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады", – деп толықтырды министрлік.
Еске салсақ, бұған дейін Еңбек министрлігі 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап базалық зейнетақы мөлшері өзгеретінін хабарлаған. Минималды көрсеткіш күнкөріс минимумының 65 пайызынан 70 пайызына дейін ұлғайып, 32 360 теңгені құрайды. Ал ең жоғары мөлшері 105 пайыздан 110 пайызға дейін өсіп, 50 851 теңге болады.
massaget.kz