МӘМС жүйесіндегі өзгерістер туралы

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесіне келесі негізгі өзгерістер енгізілді:
- Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС біріктіретін Бірыңғай медициналық көмек пакеті енгізіледі;
- «Сақтандырылған» мәртебесін алу тетігі жеңілдетіледі. Егер азамат 5 жыл қатарынан жарна төлесе, оның мәртебесі 6 айға дейін сақталады (3 айдың орнына);
- 2026 жылдан бастап әлеуметтік осал топтар мен жұмыссыздар үшін жарнаны жергілікті бюджет төлейтін болады;
- Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне бақылау күшейтіледі;
Бұл өзгерістер денсаулық сақтау жүйесінің әділдігін және тиімділігін арттыруға бағытталған.
Тұрғындардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.