Тамыздың басында күн суытады

Циклонның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тіпті елдің оңтүстігінде де ыстықтың беті қайтады.
Республиканың солтүстігінде және шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, кейбір аудандарда бұршақ та жаууы мүмкін.
"2 тамыздан бастап циклонның артынан солтүстіктен антициклон ығысады. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасы 15-20 градусқа дейін төмендейді", - деп жазылған хабарламада.
Фото: Нұрболат Нұржаубай