Конго-Қырым қызбасының алдын алу бойынша штаб отырысы өтті

Отырыста Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жоспарға сәйкес, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.
Аса қауіпті жұқпалы аурулар санатындағы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ел аумағында да тіркелетін, маусымдық белсенділігі бар аурулар қатарында. Әсіресе төрт-түлік мал жиі шоғырланатын далалық аймақтарда, қора-жайлар мен аулаларда ауру тасымалдағыш зиянкестердің белсенділігі арта түседі. Сондықтан қоғамның бұл дерт туралы хабардар болу және оның алдын алу аса маңызды шаралар болып табылады.
Ауданда күзгі залалсыздандыру жұмыстары тамыз айының 4 нен басталатын болады.