Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сынып жетекшісінің негізгі міндеті қандай?

Сынып жетекшісінің негізгі міндеті қандай?

Қазақстан мектептерінде пән мұғалімдері сабақ берумен қатар, сынып жетекшілігін де қатар алып жүреді. Бұл – қосымша жауапкершілік. Сонымен BAQ.KZ тілшісінің материалынан сынып жетекшісінің міндеттері қандай екенін біле жүрейік.

Сынып жетекшісі деген кім?
Сынып жетекшісі – оқушылардың тәрбиесімен айналысатын, ата-анамен байланыс орнататын, сыныптағы ахуалды бақылап, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасайтын мұғалім. Ол мектеп директорының бұйрығымен тағайындалады.

Сынып жетекшінің басты міндеттері:

Оқушыларды салауатты өмір салтына баулу;
Отанды сүюге, табиғатты қорғауға, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу;
Сыныпта достық пен түсіністік орнату;
Балалардың жауапкершілігін арттыру және ұжымда жұмыс істеуге үйрету;
Оқушылардың тұрмыс жағдайын білу;
Ата-аналармен тұрақты байланыста болу (жиналыстар, кеңестер, тренингтер өткізу);
Әр аптада сынып сағатын өткізу;
Оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі туралы ата-аналармен жұмыс істеу;
Мектеп әкімшілігін сыныптағы тәрбие жұмысының барысымен хабардар етіп отыру.
Сынып жетекші қандай жұмыстар атқарады?

Ұйымдастыру: жылдық жұмыс жоспарын жасау;
Анализ жасау: әр оқушының ерекшелігін зерттеу, сыныптың үлгерімін бақылау;
Қарым-қатынас орнату: мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар арасында байланысты нығайту;
Бақылау: оқушылардың сабаққа қатысуын, киім киісін, психологиялық күйін бақылау.

Жұмыс формалары:
Жеке жұмыс: жеке әңгімелесу, кеңес беру;
Топтық жұмыс: оқушыларды шағын топтарға бөліп, белсенді ету;
Ұжымдық жұмыс: сыныппен бірге іс-шаралар өткізу (жарыстар, концерттер, жорықтар және т.б.).
Қашықтан оқу кезінде сынып жетекшісі ата-аналарға оқыту процесі туралы ақпарат беріп, балалармен кері байланыс орнатуға көмектеседі.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
07 тамыз 2025 ж. 65 0